15.08.2025     1215

Медьедович, Накашима, Дардери және Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді

Ұйымдастырушылар жарқын ойынымен көзге түсіп жүрген тағы үш теннисші, екі ATP турнирінің (біреуі жекелей сында) жеңімпазы, 21 жасқа дейінгілер арасында Next Generation ATP Finals 2022 жастар жарысының чемпионы, әлемнің 32-ракеткасы, америкалық Брендон Накашима, Next Generation ATP Finals 2023 жеңімпазы, әлемнің 64-ракеткасы, сербиялық Хамад Медьедович, жекелей сында екі ATP турнирінің жеңімпазы, италиялық Лучано Дардери (32 ATP) және Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченконың қатысатынын растады.

Еске салайық, 2023 жылы Astana Open ATP 250 турнирінде ұйымдастырушылар Медьедовичке wild card берді, сербиялық онда жарыстың жаңа есімдерінің біріне айналып, жартылай финалға дейін жетті.

Бұдан бұрын Almaty Open турниріне жарыстың өткен жылғы чемпионы Карен Хачанов, 2021 жылғы US Open жеңімпазы Даниил Медведев, Rolan Garros-2021 және Australian Open-2023 финалисі Стефанос Циципас, Қазақстан құрамасының көшбасшысы, ATP турнирлерінің жеті дүркін чемпионы Александр Бублик және екі ATP турнирінің чемпионы, италиялық Флавио Коболли қатысатынын растады.
10.11.2025
742
Almaty Open ATP 250 «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін»  марапатын алды
22.10.2025
2016
Әлемдік теннис, жұлдыздар концерттері және алмалар: Almaty Open ATP 250 – 2025 турнирі қалай өтті
22.10.2025
2101
Almaty Open – 2025: Қазақстан әлемдік теннис аренасында
19.10.2025
2284
Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды
19.10.2025
2155
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде үздік шықты
19.10.2025
2078
Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти жұптық сында Almaty Open ATP 250 турнирінің чемпионы атанды