19.10.2025     2706

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде үздік шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бұл жолы бірінші партия ресейлік спортшының пайдасына шешілді – 6:3. Екінші сетте Рыбакина бет қаратпады – 6:0. Содан кейін үшінші сетте 3:0 есебімен алға шықты. Бәсеке барысында Елена қатарынан тоғыз геймді өз есебіне жазды. Ақыры матчты брейкпен бітірді – 6:2.

Осылайша, Рыбакина биыл екінші титулына қол жеткізді жалпы Еленаның қоржынында 10 WTA титулы бар. Бұдан бұрын ол Страсбург (Франция) WTA 500 жарысында үздік шыққан еді.

Рыбакина дүйсенбі күні басталатын Токио (Жапония) WTA 500 додасында екінші ракетка болып тіркелген. Ол екінші айналымда әлемнің 27-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандес немесе рейтингіде 55-сатыдағы грекиялық Мария Саккаридің қай жеңгенімен кездеседі. Қазақстандық теннисші Токиода жартылай финалға дейін жетсе, қараша айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін жылдың қорытынды турниріне жолдама алады.
04.08.2026
81
Олимпиада чемпионы Томаш Махач Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады
30.07.2026
119
Томас Мартин Эчеверри ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады
30.06.2026
271
Лучано Дардери ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
25.06.2026
220
US Open 2021 чемпионы және әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
20.06.2026
232
Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады
16.06.2026
269
Almaty Open ATP 250 турниріне билеттер сатылымы басталды