19.10.2025     2870

Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласында ATP 250 турнирі мәресіне жетті. 

Жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев пен рейтингіде 41-орында тұрған франциялық Корентен Муте чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партия 7:5 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Екіншісінде франциялық спортшы есе қайырды – 6:4. Дегенмен шешуші сетте Медведев жеңісті жұлып алды – 6:3.

Осылайша, өз спорттық жолында ATP жарыстарында қырқыншы рет финалға шыққан Даниил 21-титулын жеңіп алды. Ол бұған дейінгі чемпиондық атағына 2023 жылдың мамыр айында қол жеткізген еді. 

– Кейде ойыныма көңілім толмайды. Бірақ жеңістің орны бөлек. Бұл – матчтың ең маңызды кезеңінде жақсы ойнадым деген сөз. Әсіресе, шешуші гейм ерекше болды. Титулды жеңіп алғаныма қуаныштымын. Осымен 21 қалада 21 трофейге ие болдым, - деді Медведев ойыннан соң. 

Жұптық сында франциялықтар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти үздік шықты. Олар финалда германиялық Якоб Шнайттер мен Марк Вальнерден айласын асырды - 6:4, 7:6 (10:8).

Аррибаж жұптық сында АТР додасындағы екінші, Оливетти үшінші титулын жеңіп алды. 

– Бұл шынында да керемет апта болды. Біз бабымызға келіп, нағыз команда ретінде ойнадық. Күрделі матчтар болды, бірақ аяғына дейін күресіп, жеңудің амалын таптық. Биыл Алматыда жеңімпаз атанғанымызға өте қуаныштымыз. Шынында да бұл ATP 250 деңгейіндегі тамаша турнир болды. Жарыс жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Жанкүйерлер бізді мықты қолдады. Баршаңызға мың алғыс, - деді матчтан соң турнир чемпиондары.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау
 
04.08.2026
81
Олимпиада чемпионы Томаш Махач Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады
30.07.2026
119
Томас Мартин Эчеверри ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады
30.06.2026
271
Лучано Дардери ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
25.06.2026
220
US Open 2021 чемпионы және әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
20.06.2026
232
Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады
16.06.2026
269
Almaty Open ATP 250 турниріне билеттер сатылымы басталды