10.11.2025     984

Almaty Open ATP 250 «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін»  марапатын алды

Турин қаласында (Италия) ATP Awards 2025 марапаттарын тапсыру рәсімі өтті.

Ойыншылармен Almaty Open 250 санатындағы жылдың үздік турнирлерінің бірі ретінде мойындалып, Кәсіби теннисшілер қауымдастығынан (АТР) «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін» марапатын алды. ATP (Asia/Pacific)  халықаралық аймағында сондай-ақ бұл марапатқа Дубай (АТР 500) және Шанхай (АТР 1000) ие болды.

«Біз АТР-дан бірінші рет осындай жоғары марапатты алғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл жетістік біздің ойыншылар үшін де, сонымен қатар жанкүйерлер үшін де жоғары деңгейдегі спорттық шараны ұйымдастыруға үнемі ұмтылатынымызды көрсетеді. Турнирдің жоғары талаптары – Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі, оның негізгі мақсаты –Almaty Open мәртебесін ATP 500 деңгейіне дейін жеткізу. Бұл әлемдік теннис жұлдыздарын Қазақстанға бұрынғыдан да көбірек тартып, елімізде спорттың қанат жаюы мен дамуына оң әсер етеді» – деді Almaty Open ATP 250 турнирі ұйымдастыру комитетінің басшысы және Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

ATP Standards of Excellence Recognition (сапа стандарттары) марапаттары әр жарыс өткеннен кейін ойыншылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде рейтингісі ең жоғары турнирлерге беріледі. Сауалнамалар турнир өткізген орында ойыншылар тәжірибесінің барлық қыр-сырын қамтиды және барлық турнирлердің стандарттарын көтеру бойынша үздік жұмыстың бір бөлігі болып есептеледі.

Атап өтейік, қазіргі кезде ATP кәсіби турында ATP 250 санатындағы 27 турнир өткізіледі. Әр жарыстың жеңімпазы 250 рейтингілік ұпайға ие болады. Almaty Open ATP 250-ді қосқанда, 27 турнирдің ішінде алтауы ғана  Азия/Тынық мұхит аймағында өтеді.
04.08.2026
81
Олимпиада чемпионы Томаш Махач Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады
30.07.2026
119
Томас Мартин Эчеверри ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады
30.06.2026
272
Лучано Дардери ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
25.06.2026
220
US Open 2021 чемпионы және әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
20.06.2026
232
Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады
16.06.2026
269
Almaty Open ATP 250 турниріне билеттер сатылымы басталды