16.06.2026     269

Almaty Open ATP 250 турниріне билеттер сатылымы басталды

16 маусымнан бастап Қазақстандағы ең ірі теннис турнирлерінің бірі — Almaty Open ATP 250 жарысына ресми түрде билеттер сатылымы басталды. Турнир 2026 жылғы қазанның 17 мен 25-і аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» кешенінде өтеді.

Almaty Open ұйымдастыру комитеті сатылымның алғашқы кезеңінде арнайы Early Bird тарифі іске қосылғанын хабарлады. Мұндай ұсыныс билеттер сатылымы басталған күннен - бір айға дейін қолданылады. Осы кезеңде жанкүйерлер жарыс билеттерін ең тиімді бағамен сатып ала алады. Акция аяқталғаннан кейін билеттер құны қымбаттай түседі.

Қазіргі таңда билеттер Ticketon.kz және Afisha.yandex.kz платформаларында қолжетімді. Турнирге кіру құны 3 500 теңгеден басталады:

* стандарт орындар — 3 500 теңгеден;
* VIP орындар — 40 000 теңгеден;
* Super VIP орындар — 80 000 теңгеден жоғарылай береді.


Almaty Open ATP 250 дәстүрлі түрде жыл сайын әлемнің озат теннисшілерін жинап, Қазақстан мен шетелдегі жанкүйерлер назарын өзіне аударуда. ATP күнтізбесіне енген беделді турнир күз мезгілінде спорттағы басты оқиғалардың бірі саналады.

Жарысқа деген қызығушылық Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің қатысатыны белгілі болғасын одан әрі арта түсті. Теннисші жуырда өзінің Telegram-арнасында жариялаған бейне-үндеуінде Алматыдағы турнирде бақ сынайтынын растады.

«Сәлем, достар! Құрметті теннис жанкүйерлері, сіздермен кездесуді асыға күтемін. Almaty Open турнирінде жолыққанша!» — деді Бублик.

Алдағы айларда ұйымдастыру өкілдері қатысушылардың толық тізімін, сондай-ақ жанкүйерлерге арналған ойын-сауық бағдарламасын және арнайы фан-аймақтардык жұмыс кестесін жариялайды. Almaty Open ATP 250 әлемдік теннис жұлдыздары мен қазақстандық жанкүйерлерді тоғыстыратын ірі спорттық алаңдардың біріне айналмақ.
04.08.2026
81
Олимпиада чемпионы Томаш Махач Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады
30.07.2026
119
Томас Мартин Эчеверри ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады
30.06.2026
273
Лучано Дардери ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
25.06.2026
220
US Open 2021 чемпионы және әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
20.06.2026
232
Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады
10.11.2025
985
Almaty Open ATP 250 «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін»  марапатын алды