20.06.2026     232

Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады

Әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік теннисші Карен Хачанов 2026 жылғы 17-25 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP 250 санатындағы Almaty Open турниріне қатысатынын растады.

Хачанов бірнеше жылдан бері Алматыдағы турнирге тұрақты түрде қатысып келеді. 2024 жылы теннисші Almaty Open турнирінің чемпионы атанған болатын.

Жалпы Кареннің еншісінде ATP аясындағы жекелей сында 7, ал жұптық сында 1 чемпиондық атақ бар.

ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирі дәстүрлі түрде мықты қатысушылар құрамын жинап, Қазақстан ғана емес, өзге елдердегі теннис жанкүйерлерінің де қызығушылығын тудырады. Турнир ATP-дің ресми күнтізбесіне енген және күз мезгіліндегі басты спорттық оқиғалардың бірі саналады.

Билеттерді Ticketon.kz және Afisha.yandex.kz сайттарынан сатып алуға болады. Турнирге кіру билеттерінің бағасы 3 500 теңгеден басталады.

04.08.2026
82
Олимпиада чемпионы Томаш Махач Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады
30.07.2026
119
Томас Мартин Эчеверри ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады
30.06.2026
273
Лучано Дардери ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
25.06.2026
221
US Open 2021 чемпионы және әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
16.06.2026
270
Almaty Open ATP 250 турниріне билеттер сатылымы басталды
10.11.2025
985
Almaty Open ATP 250 «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін»  марапатын алды