25.06.2026     220

US Open 2021 чемпионы және әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы Даниил Медведев 17-25 қазан аралығында Алматы қаласында өтетін ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады.

Медведев - ATP 250 Almaty Open турнирінің қазіргі чемпионы. 2025 жылы өткен финалда ол франциялық Корентен Мутені жеңіп, чемпион атанған болатын.

Медведевтің қоржынында жекелей сында жеңіп алған 23 ATP титулы бар. Оның қатарында бір «Үлкен дулыға» турнирі, бір Қорытынды турнир (ATP Finals), алты Masters жарысы және ATP 500 мен ATP 250 санаттарындағы 15 титул бар.

ATP 250 Almaty Open турнирі дәстүрлі түрде мықты қатысушылар құрамын жинап, Қазақстаннан ғана емес, өзге елдерден де теннис жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырады. Турнир ATP-дің ресми күнтізбесіне енген және күз мезгіліндегі басты спорттық оқиғалардың бірі саналады.
04.08.2026
81
Олимпиада чемпионы Томаш Махач Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады
30.07.2026
119
Томас Мартин Эчеверри ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады
30.06.2026
273
Лучано Дардери ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
20.06.2026
232
Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады
16.06.2026
270
Almaty Open ATP 250 турниріне билеттер сатылымы басталды
10.11.2025
985
Almaty Open ATP 250 «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін»  марапатын алды