30.06.2026     271

Лучано Дардери ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады

Италиялық теннисші Лучано Дардери 2026 жылғы 17-25 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады.

24 жастағы Италия өкілі ATP турында қарқынды дамып келе жатқан теннисшілердің бірі саналады. Осы маусымда Дардери әлемдік рейтингте өзінің мансабындағы ең жоғары көрсеткішке – 16-орынға көтерілді. Оның еншісінде жекелей сында жеңіп алған ATP санатындағы бес титул бар. Барлық жеңіс ATP 250 турнирлерінде тіркелген.

ATP 250 Almaty Open турнирі дәстүрлі түрде мықты теннисшілердің басын қосып, Қазақстан ғана емес, өзге елдердің де жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырады. Турнир ATP-тің ресми күнтізбесіне енген және күз мезгіліндегі басты спорттық оқиғалардың бірі саналады.

Билеттерді Ticketon.kz және Afisha.yandex.kz платформаларынан сатып алуға болады. Турнирге кіру билеттерінің бағасы 3 500 теңгеден басталады.

04.08.2026
81
Олимпиада чемпионы Томаш Махач Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады
30.07.2026
119
Томас Мартин Эчеверри ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады
25.06.2026
220
US Open 2021 чемпионы және әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
20.06.2026
232
Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады
16.06.2026
269
Almaty Open ATP 250 турниріне билеттер сатылымы басталды
10.11.2025
984
Almaty Open ATP 250 «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін»  марапатын алды