08.11.2024     1642

Almaty Open ATP 250 әлемдегі үздік теннис турнирлерінің үздік үштігіне енгізілді

Әлемнің жетекші теннисшілері 13-20 қазанда өткен Almaty Open жарысын ATP Tour халықаралық күнтізбесіндегі үздіктердің бірі ретінде таныды. Ойыншылардың жасырын дауыс беруі нәтижесінде  Алматы АТР 250 турнирі 5-тен 4.45 рейтингі алып, әлемдегі үздік үштікке кірді.  Мұндай көрсеткіш санаты жоғары болып есептелетін ATP 500 турнирлерінің көпшілігінен асып түскен, тек рейтингісі 4.5 болған  Мадридтегі masters жарысынан сәл қалып қойған.

Жалпы бағаның ішіне ойын корттарының сапасы, киініп-шешінетін орынның қолайлылығы, көрермендер саны, аренадағы ахуал және басқа 30-дан астам түрлі көрсеткіштер кіреді. Турнирге қатысушылар мен қонақтардың пікірінше, алғаш рет оңтүстік астанада өткізілген Almaty Open ATP 250 халықаралық турнирі әлемдік деңгейдегі спорттық шоуға айналды.

Турнирдің жоғары стандарттары – Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі, оның басты мақсаты - Almaty Open мәртебесін ATP 500 деңгейіне дейін көтеру. Бұл Қазақстанға әлемдік теннис жұлдыздарын көбірек тартып, елде спорттың дамуы мен кеңінен таралуына оң әсер етеді.

Жергілікті көрермендердің қолдауы мен жанкүйерлердің мінбеде ерекше және есте қаларлықтай ахуал орнатуы турнирдің жоғары баға алуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі болды. Алматыға нағыз спорт мерекесін тарту еткен Almaty Open  турнирінің ұйымдастырушылары келесі күзде барлық отбасылардың көңілді демалуы үшін жарысты кең ауқымды тақырыптық аттракциондармен толықтыруды жоспарлап отыр.
22.10.2025
1471
Әлемдік теннис, жұлдыздар концерттері және алмалар: Almaty Open ATP 250 – 2025 турнирі қалай өтті
22.10.2025
1551
Almaty Open – 2025: Қазақстан әлемдік теннис аренасында
19.10.2025
1691
Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды
19.10.2025
1571
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде үздік шықты
19.10.2025
1554
Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти жұптық сында Almaty Open ATP 250 турнирінің чемпионы атанды
19.10.2025
1498
Almaty Open ATP 250 титулы үшін Медведев пен Муте таласады