04.07.2025     1575

Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайды

Жаһандық теннис жұлдызы, әлемнің экс-бірінші ракеткасы, US Open-2021 чемпионы, Аустралия ашық чемпионаттарының финалисі (2021, 2022, 2024), 2020 жылғы ATP қорытынды турнирінің жеңімпазы, жекелей сында 20 ATP жарысында үздік шыққан, 2021 жылғы Дэвис және ATP кубогының иегері Даниил Медведев Алматы қаласында 11-19 қазанда өтетін Almaty Open ATP 250 додасына қатысатынын растады. 

Медведевтің қатысуы жарыс деңгейін көтеріп, оны маусымның ең маңызды оқиғаларының қатарына қосады. Қазақстандық жанкүйерлер қазіргі заманғы теннистің ең жарқын өкілдерінің бірінің ойынын көзбе-көз тамашалауға мүмкіндік алып отыр. 

Даниил Медведев Қазақстанды жылы еске алады. Ол 2022 жылы Астанада ATP 500 турнирінде өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Онда матчболдары бола тұра, болашақ чемпион Новак Джоковичке жол берді. Ал жасөспірім кезіндегі алғашқы титулын Өскеменде жеңіп алды, бұл оның кәсіби теннистегі үлкен жолының бастауы болды. 

Даниил Медведевтің пікірі:
«Мен Алматыда алғаш рет ойнайтыныма қуаныштымын. Бұл – менің теннис сапарымдағы жаңа белес. Мен қазақстандық жанкүйерлердің қонақжайлылығы, жылы ынта-ықыласы туралы көп естідім. Кортта кездескенше!».

Ұйымдастырушылар толыққанды бағдарлама дайындауда және барлық теннис жанкүйерлерін әлемдегі жылдың басты спорт оқиғаларының бірін тамашалауға шақырады. 

Билеттерді мына сілтемелер бойынша алуға болатынын еске саламыз: 

Almaty Arena: https://www.dss-almatyarena.kz/atp-250

Sxodim: https://sxodim.com/almaty/event/tennisnyy-festival-almaty-open-2025

Kino.kz: https://kino.kz/ru/sport/168

Ticketon: https://ticketon.kz/almaty/event/almaty-open-2025-atp-250

https://zakazbiletov.kz/ru/1-almaty/4-sport/almaty-open-atp-250
10.11.2025
559
Almaty Open ATP 250 «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін»  марапатын алды
22.10.2025
1758
Әлемдік теннис, жұлдыздар концерттері және алмалар: Almaty Open ATP 250 – 2025 турнирі қалай өтті
22.10.2025
1855
Almaty Open – 2025: Қазақстан әлемдік теннис аренасында
19.10.2025
1983
Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды
19.10.2025
1872
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде үздік шықты
19.10.2025
1844
Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти жұптық сында Almaty Open ATP 250 турнирінің чемпионы атанды