Қазақстанның бірінші ракеткасы, Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Александр Бубликтің еліміздің оңтүстік астанасында 11-19 қазан аралығында өтетін жылдың басты теннис оқиғасы - Almaty Open ATP 250 турнирінде өнер көрсететіні ресми расталды.
Александр Бублик – әлемдегі ең танымал ойыншылардың бірі. Ол бес рет жекелей сында АТР турнирлерінде чемпион атанған: Галле АТР 500 (2023, 2025), Монпелье АТР 250 (2022, 2024) және Антверпен АТР 250 (2024).
Александрдың Алматыда өнер көрсетуі ерекше болмақ: ол қазақстандық жанкүйерлердің қолдауымен Almaty Open ATP 250 турнирінде алғаш рет ойнайды.
Александр Бублик:
«Өз алаңымызда ойнау ерекше жауапкершілік үстейді әрі үлкен дем береді. Мен Алматы кортына шығу сәтін асыға күтемін, жанкүйерлерімізді жарқын ойын, жақсы нәтижемен қуантамын деп үміттенемін. Өз жанкүйерлеріңнің қолдауы әрқашан күш береді».