29.07.2025     1388

Флавио Коболли Almaty Open ATP 250 турниріне қатысатынын растады

Әлемнің 17-ракеткасы, италиялық Флавио Коболли Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайды.

Флавио — Италия теннисі жаңа буынының жарқын өкілі. 2025 жыл ол үшін табысты болды. Коболли топырақ төсенішіндегі екі жарыс –Бухаресте ATP 250 және Гамбургте ATP 500 турнирінде топ жарды. Сонымен қатар Уимблдонда ширек финалға дейін жетіп, онда «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичке жол берді. 

Еске сала кетейік, жарысқа бұдан бұрын жұлдызды ойыншылар, Almaty Open чемпионы Карен Хачанов, 2021 жылғы US Open жеңімпазы Даниил Медведев, Roland Garros-2021 және Australian Open-2023 финалисі Стефанос Циципас, сондай-ақ Қазақстан құрамасының көшбасшысы, ATP додаларының жеті дүркін чемпионы Александр Бублик қатысатынын растады.
10.11.2025
609
Almaty Open ATP 250 «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін»  марапатын алды
22.10.2025
1813
Әлемдік теннис, жұлдыздар концерттері және алмалар: Almaty Open ATP 250 – 2025 турнирі қалай өтті
22.10.2025
1905
Almaty Open – 2025: Қазақстан әлемдік теннис аренасында
19.10.2025
2045
Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды
19.10.2025
1921
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде үздік шықты
19.10.2025
1885
Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти жұптық сында Almaty Open ATP 250 турнирінің чемпионы атанды